27 тамыз күні мектебімізде мектептің даму жағдайын қадағалау және мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында жаңа 2021-2022 оқу жылының алғашқы Қамқоршылық кеңесінің отырысы аралас форматта ZOOM платформасы арқылы өтті. Қамқоршылық кеңесте төмендегідей мәселелер қамтылды:
1. 2020-2021оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде білім алушылардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы есебі.
2021-2022 оқу жылында жекелеген санаттарға әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылар тізімін қарастыру, бекіту;
2. Мектептің оқу жоспары туралы;
3. Үш ауысымдық сабақ кестесі.
Кеңес барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріліп, өзекті тақырыптар қозғалып, тиімді шешімдер қабылданды.