"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Шамгунова Ботагоз Сайлаубековна

1971 жылы  Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы, Шевченко ауылын өмірге келді.

 1978-1986 жылдары Шевченко негізгі мектебінде білім алды.

1986 жылы сегіз жылдық мектепті аяқтап, Ақтөбе қаласының педагогикалық училищесіне оқуға түсті. 1990 жылдың 13 тамызында еңбек жолын Мәртөк ауданында бастауыш кластарының мұғалімі болып бастады.

1990-1999 жылдары Мәртөк ауданында бастауыш класс мұғалімі болып жұмыс жасады.Осы жұмыспен қатар, сырттай  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе мемлекеттік  университетін   басқа ұлт  мектептеріндегі  қазақ  тілі мен әдебиеті  мамандығы бойынша бітіріп шықты. 

1999-2016  жыл  аралығында Аққайын орта мектебінде  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  болып қызмет атқарды.

2016 жылы жаңадан бой көтерген «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ орналасты. Бүгінгі күнге дейін   осы мектепте мұғалімдік пен  қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып  жұмыс  жасайды.   

Санаты – педагог – зерттеуші. Еңбек өтілі – 31 жыл. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бойынша 1санат.  Осы жұмыс барысында  «Алғыс хаттармен», дипломдармен, құттықтау хаттарымен марапатталды.