1994 жылы 27 наурызда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2012 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін аударма ісі мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін аударма ісі бакалавры біліктілігі бойынша, 2018 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін филология ғылымдарының магистрі біліктілігі бойынша аяқтаған. Ағылшын тілі пәні бойынша педагог-сарапшы. Еңбек өтілі – 12 жыл.
Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жамбыл орта мектебінде бастаған. Кейін Ақтөбе қаласындағы №60 жылпы білім беретін орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.