"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Тажимишев Абзал Амантаевич

«Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ директоры Тажимишев Абзал Амантаевич

1982 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, жаратылыстану факультетін бакалавр біліктілігі бойынша, 2010 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Жалпы педагогика» мамандығының аспиранты  біліктілігі бойынша аяқтаған. Жоғары кәсіптік білімді биология пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 20 жыл.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектепте биология пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Кейін Ақтөбе қаласындағы №52 негізгі мектепте  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қалалық ғылыми-әдістемелік орталық» МКҚК директорының орынбасары, «№45 орта мектеп» ММ директоры болып қызмет етті.

2016 жылдың қазан айынан бастап «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директоры болып тағайындалды. Мектептің атауы 2022 жылдың 24 тамызында «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ болып өзгерсе, 2023 жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ болып, жаңа статусқа ие болды.

Мектеп директоры ретінде санаулы уақыт ішінде мектеп-гимназияның жетістіктерге жетуіне тікелей басшылық жасады:

  • 2019 жылы – Ақтөбе облысы бойынша «Үздік жалпы білім беретін орта мектеп» ІІІ орын;
  • 2019 жылы – ғылым негіздері бойынша облыстық пәндік олимпиадада 4 жеңімпаз;
  • 2019 жылы – КҒА облыстық конференциясында 14 жеңімпаз;
  • 2019 жылы – КҒА республикалық конференциясында 9 жеңімпаз;
  • 2019 жылы – BILIMLAND сайтындағы «Жаңашыл мұғалім – 2019» конкурсында бастауыш класс мұғалімі А.С.Сагиндыкова ІІІ орын және 500000 теңге сертификатына ие болды;
  • 2019 жылы – “Samruk-Kazyna Trust” компаниясының ұйымдастыруымен өткен Шахмат ойынынан ІІ орын;
  • 2019 жылы – Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиада қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінің арасында  І орын;
  •  2020 жылы – Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиада қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының жалпы білім беретін орта мектептерінің арасында  ІІ орын;
  • 2020 жылы – «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсынан гран-при және 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге гранты;
  • 2021 және 2022 жылдары «Білім саласындағы жетістіктері үшін» 500 000 теңге Сертификаты;
  • 2021-2022 оқу жылында мектептің 5 жылдық мерейтойы атап өтіліп, «Озық ойлар, жемісті жылдар» кітабы жарық көрді;
  • 2022-2023 оқу жылының басында мектептің атауы өзгерді, мектепке тарихи тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың есімі берілді. Тұлғаның есімін алғаннан кейін кешенді іс-шаралар жоспары құрылып, 2023 жылдың 5 қаңтар күні Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ғасыр саңлағы» атты І Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
  • 2023-2024 оқу жылының басында, нақтырақ айтсақ, 2023 жылдың 7 қыркүйегінде мектебіміз гимназия статусын алды. Осы күннен бастап «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ өз жұмысын жаңа серпінмен бастады.
  • 2024 жылдың 12-13 қаңтар күндері мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай “Дінмұхамед Қонаев – ғасыр тұлғасы” атты қалалық деңгейдегі шаралар өтті. Шаралар қатарында “Д.Қонаев оқулары”, “Дінмұхамед Қонаев балалардың көзімен” сурет байқауы, “Уақыт – ұлы төреші” шахмат турнирі ұйымдастырылды.

2019 жылдың маусым айында Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығы медалімен, 2021 жылы Ақтөбе қаласының әкімі А.Шахаровтың Алғыс хатымен, 2021 жылы Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинның Алғыс хатымен, 2022 жылы Ақтөбе облысының әкімі Е.Тоғжановтың Алғыс хатымен марапатталды және 2023 жылдың қаңтарында Алматы қаласындағы “Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев” қорының орденімен марапатталды.