1 қазан күні 2021 жылы № 60 жалпы білім беретін орта мектебінде
8-11 класс оқушыларымен жалпы қыздар жиналысы болып өтті
Адам баласының құлағына түрпідей тиетін, жыныстық зорлық-зомбылық көрсету фактілері, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс зорлау фактілерінің жиілеп кетуі қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда. Қыз балаларға жиналыс барысында қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттері туралы айтылып, «Қазақ қыздарына тән» бейнероликтер көрсетілді. Мектеп психологтары қыз-балада 11-13 жастан (переходной возраст) кезең басталатыны, ағзадағы гормондарда өзгерістер болатыны айтылды. Осы кезден бастап қыз бала өз тазалықтарына аса назар аудару керектігі, қазіргі кезде жасөспірімдер арасында осы шақта ерте жүктілікке жол беріп жатадындығы, ол қатынас кезінде түрлі ауруларды жұқтыратындығы ашық түрде айтылды. Қазақта жақсы сөз бар «Қызды қырық үйден тыю» әр қыз бала болашақты ойлап, өз денсаулығына салғырт қарамауымыз керектігі түсіндірілді. «Құқықбұзушылықтың пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Б Турганбаева кешкілік көшеде жүрмеу,жасөспірімдер арасында қылмыс, бопсалау, күш көрсету және кешкі мезгілде көшеде жүру жайында оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізіп, құқықбұзушылықтың не екендігіне, кез келген қоғамдық қатынастардың заңмен реттелетіні, оқушы құқық бұзған жағдайда оның ата-анасына әкімшілік жаза қолданатыны туралы жан-жақты түсіндірді.