2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Атаулы мереке қарсаңында №60 Жалпы білім беретін орта мектебінде жыл сайын оқушылардың «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі атап өтіледі. Осы жылы да дәстүрден жаңылмай 2 және 5-класс оқушылары ұйымға қабылданды. 2-класстарда. 383 оқушы «Жас Қыран» ұйымына қабылданса, 5-сыныптардан 270 оқушы «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі атанды. Бұл жылғы қабылдау рәсімі ерекше, өйткені Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және мектебіміздің 5 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Жас Ұлан ұйымының 8- 9 класс оқушылары өздерінің соңынан ерген бүлдіршін оқушыларға концерттік бағдарлама қойып берді. Рәсім өте жоғары деңгейде, әдемі әуенмен, қуанышты көңіл-күймен өтті.
Рәсімде оқушыларды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Мұқанбетәзиев Аркен Мұқанбетәзиұлы және Турганбаева Мирамгуль Бердибаевна құттықтап игі тілектері мен өздерінің ақыл-кеңестерін айтып өтті.
Шара барысында класс жетекшілер оқушыларына төсбелгі мен галстук тағып, естелік суреттерге түсіп, ұйымға қабылданғандарына куә болды.