"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Бөлісіп жүрек жылуын

Қайырымдылық- адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Мұқтаж жандардың қажеттілігіне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Өкінішке орай, жомарт азаматтардың саны азайып келеді, адамдар кез-келген жағдайда, бірінші кезекте өз пайдасын ойлап тұрады. Десек те жомарт жандардың жүрегі әрқашан мейірімге толы. Осындай ұстаныммен жүретін №60 жалпы

білім беретін орта мектеп басшысы, әкімшілік құрамы мен ұлағатты ұстаздары да игі істерге әрқашан қолдау білдіреді.

2021 жылдың 28 желтоқсаны күні мектебімізде ата-анасынан айырылған, жанары жасты, жүрегі жүдеу жеті оқушыға жаңа жылдық тарту жасалды.

          Жылдық мониторинг негізінде жоғары көрсеткіші мен жетістіктері бойынша алға шыққан мектеп ұжымы қалалық кәсіподақ ұйымының 500 000 (бес жүз мың) теңге сертификатын иеленген болатын. Мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлының ұсынысын ұжым бірауыздан қолдады.Бөлінген осы қаржыны аталмыш жеті оқушыға тең бөліп, жаңа жылдық тарту жасалды. Балаларға “Vivo” ұялы телефоны, жаңа жылдық тәттілер мен жеміс-жидектер жиынтығынан құралған үлкен себет әзірленді және 3 кг қант, 3 кг күріш,3 литр сұйық май,3 кг печенье әр түрінен,   1 кг шәй беріліп, әр оқушыға 71 428 (жетпіс бір мың төрт жүз жиырма сегіз) теңге көлемінде сыйлық жасалынды. Ата-бабадан келе жатқан  осындай игі істің №60 жалпы білім беретін орта мектебінде бой көтеруі-қолдауға лайықты іс.