Жаңа жыл барша балалар үшін ең қуанышты мереке. Жыл сайын мерекеге орай ұйымдастырылатын «Президенттік шырша» концерттік бағдарламасы 2021 жылдың 27 желтоқсан күні болды. «Шығармашылық Академиясында» өткен кешке қалалық білім бөлімінің басшысы Меткул Ораққызы қатысып балаларға жылы лебізін арнап сыйлықтармен бөлісті. Мектебімізден ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы және дарынды оқушы Президенттік шыршаға қатысып сыйлықтарын алып келді. Олар 7 «Ә» класс оқушысы Изтлеуов Жандаулет пен 5 «Қ» класс оқушысы Сағынбаев Нұрислам. Тәттіге толы сыйлық, сөмке мен кітап, және электронды самокат сыйға берілді. Оқушылар көтеріңкі көңіл күймен тарасты.