"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Мұғалім-логопедтің ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.

№60 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалім-логопедтері

Байтохина Жанаргуль Турмагамбетовна 

Ойлыбаева Айтолқын Қуанышбекқызы

     Оқу жылының басында мұғалім-логопед балаларды зерттейді. Логопедиялық зерттеу негізінде педагогикалық зерттеу әдістері мен жалпы принциптер жатыр: ол кешенді және бүтін болуы керек. Логопедиялық зерттеу баланың медициналық және педагогикалық құжаттарын, ата-анасы туралы мәліметтерді зерттеуден басталады. Логопед өзімен шұғылданатын баланың ата-анасымен танысуы керек. Түзету жұмыстарын жоспарлау кезінде логопед ескереді:

  • бала тәрбиесіндегі барлық отбасы мүшелерінің орны;
  • отбасылық тәрбиенің түрі.

     Ең алғашқы әңгімелесуде-ақ отбасындағы бала тәрбиесінің жағдайы, баланың ерекшеліктері, қызығушылығы бедгілі болады. Логопед бала тілінің дамуына қатысты ата-ананың шағымы мен қаупіне, олардың пікірлері мен қалауларына қызығушылық білдіреді. Бұл кездесу логопед үшін де, ата-ана үшін де өте маңызды. Бұл кездесудің дұрыс құрылуы әрі қарай бірігіп жұмыс істеуге септігін тигізеді. Түзету жұмысында табысқа жетуі үшін ата-аналарды бірігіп жұмыс істеуге тарта отырып, логопед тәрбиелеу мен оқытуда олардан қандай көмек күтетінін түсіндіруі керек. Ата-аналарға кеңестер жұмыс тәртібін апта сайын өткізіледі.

     Логопед ата-аналарды логопедиялық жеке және топтық сабақтарға шақырып, өз балаларының логопедиялық сабақ кезіндегі іс-әрекеттерін бақылауы, логопед жұмысының тәсілдері мен мазмұнымен таныстыруы немесе балалармен жүргізіліп жатқан сабақтардан үзінділер көрсетуі қажет. Ата-аналар тәрбиелі және ағарту процесінде логопедтің қандай міндеттер мен үлкен жұмыстар жүргізетінін біле бермейді. Жылдан-жылға тілдік патологиямен оқытылатын балалардың көбейіп келе жатқаны жасырын емес. Мұндай балалар жедел түрде логопедиялық көмекті қажет етеді. Жалпы білім беретін мектептердегі логопедиялық жұмыстың толыққанды болуы үшін логопед пен ата-ананың арасында тығыз байланыс болуы керек. Көптеген ата-аналар логопедтің кім екенін, тілдік кемістікті жоюда түзету жұмыстарының қалай жүретінінен хабарлары жоқ. Логпедтің басты көмекшісі – дұрыс және қажетті жеткізілген ақпарат. Ата-аналар өздері білмегендіктен баланың оқытылуы мен түзете-дамытушы сабақтарды ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар ата-аналарға жұмысына қажетті ақпараттарды жеткізу.

     Ауыр деңгейдегі қорытындысы бар баланың ата-анасына диагноз бойынша дәрігер мамандарға (невропатолог, психоневролог,отоларинголог) баруға кеңес беріледі. Мұғалім-логопед балаларға арнайы күнделік дәптерін жүргізеді. Ол дәптерге өтілетін сабақтар бойынша түрлі тапсырмалар жазылады. Оның ата-аналар қадағалап, баласымен бірге орындауға міндетті.