"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Оқушы, ата-ана, түлектердің жыр-тілектері

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы аумағынан ойып тұрып орын алған атына заты сай № 60 жалпы білім беретін орта мектеп ордасының іргетасы қаланып, егеменді еліміздің ертеңгі мақтаныштарын білім нәрімен қаруландырып, тегеуіріні мықты тұлға қалыптастырып жатқанына аттай 5 жыл толып, 6 жылға аяқ басты.
“Ел боламын десең,бесігіңді түзе”-демекші, мерейлі мектебіміздегі 3500-ге жуық шәкірттің тамаша тәлім-тәрбиемен тербетіліп жатқаны талап пен тәртіп, білім мен білік деңгейін шебер басқарып отырған мектеп басшысы Тажимишев Абзал Амантайұлына тікелей байланысты. Нәтижесінде, білімі мен білігі, мәдениеті жоғары деңгейлі ұстаздардан тәлім-тәрбие алған шәкірттердің өн бойында талап пен ынта-жігерге қоса, жарқын болашаққа деген үлкен ұмтылыс бар. Оқушы, ата-ана, түлектердің жыр-тілектері “Озық ойлар, жемісті жылдар” атты жинаққа енді. «Ақбөбек» республикалық газетінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы №1 (106) басылымының  екі бетінен орын алған жүрекжарды жалынды жырлар мектебіміздің мерейін үстем етіп, абыройын арттыра түспек.

Құттықтаймыз!