Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алған, балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол іске атсалысып жүрген ата – атаналар бар. Мектеп директоры Абзал Амантайұлы
1 наурыз – көктемнің алғашқы күні осы ата – аналарды мектепке шақырып, сұхбаттасып, жылы лебізін білдірді. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – адамдарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды