Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. 1 наурыз күні ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алып, оларға жүрек жылуын ұсынып отырған ата – аналармен кездесу өтті. Кездесу барысында ата – аналар бала тәрбиесі туралы өз ойларын ортаға салып, мектеп директоры Абзал Амантайұлына және педагогикалық ұжымға алғыстарын білдірді. Алғыс айту күнімен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Давлетова құттықтап, жылы лебізін білдірді. Әлеуметтік педагогтар А.Н.Абдуллина мен Ә.Е.Назарова және мектеп психологтары Н.А.Изгалиева мен С.М Жадырасынованың ұйымдастыруымен еркін форматта ой-пікір алмасумен қатар тренингтер өткізілді. Жақсылық жасау — тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде жалғасын тауып келеді.