"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

КЛАСС ЖЕТЕКШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР – ПРАКТИКУМ

27 сәуір күні №60 жалпы білім беретін орта мектебіндегі «Жас класс жетекшілер мектебі» қоғамдастығының бастамасымен «Заманауи мектепте жас класс жетекші тұлғасын қалыптастырудың тиімділігі: теориясы, тәжірибесі, перспективасы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен семинар – практикум өтті.
    Семинар – практикум барысында №60 жалпы білім беретін орта мектебі директорының орынбасарлары М.Б.Турганбаева, А.М.Мұқамбетәзиев, Т.М.Каймолдин, И.С.Мураталиева, Н.К.Давлетова және мектептің үздік класс жетекшілері мен шебер – педагогтары Л.Қ.Нұрмахан, Е.Т.Тобылбаев, М.С.Рахимова, Р.Т.Ералина, Ж.Ф.Нурманова, Т.Е.Мангубаева, А.А.Нұғман тәрбие бағытындағы үздік тәжірибелерімен бөлісті.
    Семинарда «Заманауи мектептегі класс жетекшілердің негізгі функциялары», «Құқықтық сауаттылық – заман талабы», «Важные критерии работы классного руководителя с родителями», «Қазіргі заманғы мектептеріндегі әлеуметтік қызметтің өзектілігі» бойынша баяндамалар жасалып, «Мінездің ұнамды белгілері» және «Счастливый родитель – счастливый ребенок», «Курение или здоровья – вам выбирать!» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

    Қатысушыларға «Үздік мектеп айнасы – белсенді ата», «Жас класс жетекшілермен жұмыс: Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз», «Мектептегі жағымды ахуалды тұрақты ұстауда ер азамат класс жетекшілердің рөлі» бойынша коучингтер ұсынылып, «Табыс. Жеңіс. Нәтиже» тақырыбында кері байланыс орнатылды.