"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

9-10 сынып оқушыларына ерлік сабағы өткізілді.

Мектебімізде Қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, ҚР Қарулы күштердің мәртебесін арттыру мақсатында және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына, ҰОС Жеңістің 77 жылдығына байланысты, 9-10 сынып оқушыларына ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағына ауған соғысы ардагерлері – Жарылгасинов Бауыржан мен Жұмабеков Аманкелді қатысып, оқушылар түрлі сауал қойып, еркін форматтағы сұхбат алаңына айналдырды. Аталмыш шараға мектеп әкімшілігі қатысып, ардагерлерге “Ауған соғысының ардагерлері” және “Ер тарғын” жырларының кітаптарын сыйға тартты.