ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Биылғы жылды “Балалар жылы” деп жариялап, «Балаларға ерекше назар аудару керек, себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі». Президент бұл жылды балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты. Сондықтан да, қазіргі кездегі сұраныстарға сәйкес, балалардың сөйлеу тіліндегі және қандай да бір бала бойындағы ерекшеліктерін назарға ала отырып, жалпы білім беретін мекемелерде логопункт қызметі өз жұмысын жасап, логопед-дефектолог мамандар заман талабына сай жұмыс жасауда. Сол сияқты №60 жалпы білім беретін орта мектебімізде жаңартылған, заманауи, оқушымен жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасалған, барлық мүмкіндіктер қарастырылған логопункт өз жұмысын әрі қарай жалғастыруда. 2016-2017 оқу жылынан бастап, яғни, мектебіміз ашылғаннан бастап логопункт жұмыс жасап келеді. Мектебіміздегі бала санының көптігі мен логопед-дефектолог маманның жұмысына сұраныстың артуына байланысты, мектеп басшысының бастамасымен логопед кабинеті қайта жабдықталып, кеңейтілген түрде қайта ашылды. Кабинет мектеп жасындағы балалардың сөйлеу және жазбаша сөйлеу тілдеріндегі бұзылыстарды дер кезінде түзету мақсатында барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Логопедиялық кабинет функциялары:
Қазіргі таңда мектептің 50 оқушысы логопедиялық кабинетке келіп аптасына 2 рет түзету сабағына қатысады. Кабинеттің жабдықталуы коррекциялық логопедиялық әрекеттерді қызықты, ыңғайлы, эмоционалды байытылған түрде өтуіне ықпал етеді. Балалар осы кабинетте жұмыс жасағанды жақсы көреді. Кабинетте жайлы және әрқашан достық атмосферасы орнаған.
Логопункт жабдықталуы:
Мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзетуге бағытталған бұл бастама ата-аналар мен оқушылардың көңілінен шыға білді. Оқушылардың дұрыс сөйлеуі үшін дер кезінде көмек беру логопед маманының басты міндеті. Жоғарыда аталған логопедиялық кабинет құрал-жабдықтары оқушылардың сабақты қызықты әрі тиімді өткізуіне септігін тигізеді.
Мектеп логопедтері: Байтохина Ж.Т
Ойлыбаева А.Қ