"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Мен лагерь тәрбиешісімін…

«Үздік жас маман-2022» атты жас мамандар арасында өткізіліп жатқан конкурс-марафонның ережесіне сәйкес 7️-ші кезеңі «Мен лагерь тәрбиешісімін!» деп аталды. «Айналайын» мектеп жанындағы жазғы лагерьдің 2️-ші маусымында конкурс-марафонға қатысушы 7️ жас маман жұмыс жасады. Жас мамандардың лагерьдегі белсенділігін бағалауға бағытталған байқауда тәрбиешілердің балалармен жұмыс жасаудағы шеберлігі, тіл табысуы, креативтілігі 5️ баллдық жүйемен бағаланды. Ауыспалы комиссия мүшелері жастардың жұмысын 12 күн қатарынан бағалап, соңғы күнгі комиссия отырысында әр қатысушының орташа балынесептеп шығарды. Комиссия мүшелері: И.С.Мураталиева, М.Н.Ербозымова, Ж.Ф.Нурманова, А.Е.Саликова, Ж.М.Жадырасынова.
Ережеге сәйкес 7-ші кезеңнің қорытындысы негізінде конкурс-марафонға қатысушы жас мамандардың ұпай саны аз 20% қатысушы марафонның келесі кезеңіне қатыстырылмайды. Жас мамандарға соңғы ақтық кезеңде сәттілік тілейміз!