«Қыз өсірсең ұятымен» аталы сөзі отбасы үшін ғана емес, ұлттық тәрбие бастауында білім ордасы үшін де құнды болмақ. Бүгінде әр саналы ұрпақтың қоғамдағы орны мен рөлі мектептен сіңірген білім мен тәрбиесі арқылы ұштасады.
Бүгін, мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.С. Мураталиева және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Б.Тұрғанбаеваның басшылығымен 9,10,11 класс қыз балаларының қатысуымен жоспарлы жиын ұйымдастырылды. Аталмыш жиналыста мектеп формасын қатаң сақтау, жеке бас гигиенасына назар аудара отырып, білім ордасында рұқсат етілмейтін (маникюр, макияж) дүниелерді жасауға тыйым салынатыны ескертілді. Оқушылардың кешкі мезгілде ата-ана бақылауынсыз жүруге болмайтындығы ескертіліп, класс жетекшілерге осы аталған жұмыста тиянақтылық танытып, үнемі жіті бақылау тапсырылды.
Қазақи менталитетке жат стильдік сән үлгілерін жапсара тұтынбай , мектеп табалдырығында ішкі тәртіп ережелерін сақтау әр білім алушының міндеті.