Бүгін мектебімізде биылғы БАЛА ЖЫЛЫНА орай балалардың көңілін көтеріп, ұлтжандылыққа, Отанын сүйіп, тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастыруымен “ЕКІ ЕЗУ” сатира театры өз қойылымдарымен қонаққа келді. Театрдың “АНА ТІЛІ – ДАНА ТІЛІ” қойылымы өте қызықты әрі көңілді болғаны балалардың қуанышынан көрініп тұрды.
Мен бұндай театрлардың балаларға арналған қойылымдарын, олардың сапалы әрі тәрбиелік мәнінің болғанын назарға алып отырамын. Сондықтан балаға тәрбие мен үлгі аларлықтай қойылым ұсынатын театрларға қолдау көрсетіп, мектебіміздің мәжіліс залында орналасқан техникалық – материалдық жабдықтардың жағдайын қамтамасыз ете отырып, балаларға ерекше көңіл күй сыйлауды, театр мәдениетін түсінуді қамтамасыз етуге тырысамыз.