Қыз балаларды аспаздық өнеріне қызығушылығын арттыру мен жан-жақтылыққа баулу мақсатында, “Кулинариялық шеберлік ” атты сайыс 9 сынып қыз балалар арасында өткізілді.
Сайыскерлерге қойылған талаптар:
Қазақы салт-дәстүрлерді білуі керек;
Берілген көкөністерді талапқа сай турау керек;
Күзге арналған салат мәзірін дайындау қажет;
Осы талаптарды орындау барысында қыздарымыз төмендегідей нәтиже көрсетті:
1️⃣ орын – 9 “А” класы
2️⃣ орын – 9 “В” класы
3️⃣ орын – 9 “Г” класы
Қалған кластарға АЛҒЫС ХАТ бұйырды.
Ұйымдастырушы: ” Шолпы қыздар клубы” жетекшісі Исенбаева Айсұлу.