“Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек” А.Байтұрсынов. Оқушылардың және олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қосымша білім беру қызметтеріне деген сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында спорт, өнер бағытындағы үйірмелермен қатар, 1-қазаннан бастап, мемлекеттік стандарттан тыс 10-11 кластар үшін ұлттық бірыңғай тестілеуге ақылы дайындық курстары өз жұмысын бастады.
Оқушылардың сұраныстарына қарай математика, химия, биология, Қазақстан тарихы пәндері бойынша топтар ашылды. Курс бағдарламалары мектептің әдістемелік кеңес отырысында талқыланып, сабақтарды жүргізуге тәжірибелі, жоғары санатты мұғалімдер тағайындалды.
Сабақтар аптасына 2 рет, бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Жалпы, қосымша ақылы білім беруде үйірме жұмыстарын ұйымдастырудағы мақсат – оқушының сұранысын қанағаттандыру, оның бойындағы қабілет пен танымды, қызығушылықпен оқуды үйрету, шығармашылық пен белсенділікті арттыру, танымдық ой-өрістерін дамыту болып табылады.
Ал сол үйірмені жүргізетін ұстаздың міндеті – оқушының қабілетін шыңдау, бағыт-бағдар беру, үйрету, қызықтыру және нәтижеге қол жеткізу, білім алуға ынталандыру.