2022 жылдың 7 қазан күні мектебімізде эксперименттік алаңның жұмыс жоспары негізінде «Білім алушылардың soft skills дағдыларын дамыту» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар барысында эксперимент модераторы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н.Ербозымова эксперименттік алаңның алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, жұмыс кезеңдерімен таныстырды. Білім алушылардың жас ерекшеліктері мен әр оқушының жеке дара ерекшеліктеріне сай білім беруде softskills технологияларын заманауи мұғалімнің практикасына енгізудің негізгі бағыттары айтылды. Семинар жұмысында softskills технологияларын заманауи мұғалімнің практикасына енгізуді жүзеге асыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру жұмыстарына бағыт-бағдар берілді.
Эксперимент тобының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі А.С.Сыдыкова зерттеу тақырыбына жан-жақты талдау жүргізіп, командалық жұмысқа байланысты тапсырмаларды орындату арқылы топ мүшелеріне іс-әрекетті жүзеге асыру барысында жүргізілетін жұмыс түрлерін көрсетті.
Семинар соңында жұмысты қорытындылау мақсатында мектебіміздің 1-деңгейлі көшбасшы мұғалімі А.С.Кужахметова топ мүшелерімен рефлексия жүргізіп, кері байланыс алды. Зерттеу жұмысына белсене кіріскен топ мүшелері семинар барысында құнды деректермен танысты