Адалдық пен әділдікті алға тартып, балаларға мейлінше түсінік қалыптастыру мақсатында, бүгін мектебімізде “Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді” тақырыбында 9-11 класс оқушыларымен бірге пікірлесу сағаты өткізілді. Пікірлесуге Ақтөбе қалалық Адалдық алаңының эксперт маманы Жақсығали Әділхан Қонысбекұлы келді.
Сағат барысында балалар “Қанағат”, “Еңбек”, “Рақым” және орыс кластарының оқушыларынан құралған “Сознательное поколение” топтарына бөлініп, Абай мен Шәкәрімнің адалдық туралы және би-шешендердің әділдік турасында айтқан сөздерінен, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз пікірлерін білдіріп, постер қорғады.
Қорытынды кезеңінде мектеп психологтары тренинг өткізіп, кері байланыс жүргізді.