"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

« Дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» семинар – практикумы

        2022 жыл 15 қазан күні дене шынықтыру әдістемелік кафедрасының ұйымдастыруымен дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» семинар-практикумы өткізілді. Семинардың мақсаты: дене шынықтыру сабақтарын  ұйымдастыру  ерекшеліктері  бойынша тәжірибе алмасу, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, сабақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту. Аталған шара мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Мұханбетқазиев А.М алғы сөзімен бастау алды. Семинар жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәні мұғалімдері Жаркенова З.Т «Дене шынықтыру сабағын жоспарлау және сабақтың өзіндік талдауы», Тубирова А.Е «Педагогикалық әдеп, мұғалімнің этикасы және мәдениеті», Утенов Б.Ф «Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік техникасының  сақталуы, қауіпті жағдайларды болдырмау» тақырыбында баяндамалар оқыды, сабақтың сапасын арттыру бағытында  әдістемелік көмек, кеңестер берілді. Жас мамандар дене шынықтыру сабақтарын  ұйымдастыруда кездесетін қиындықтар  мен оны оңтайлы шешу жолдары бойынш  сауалдарына жауап алды, тәжірибе жинақтады. Қатысушылар қамтылған тақырыптар төңірегінде кәсіби тұрғыда  талқылап, тәжірибе алмасты. Қазіргі таңда  мектеп спортзалы жүктемесі тығыздығының шамадан асуы өзекті  болса да, алдымен әр  баланың дене шынықтыру сабағындағы өмір қауіпсіздігі, көңіл-күйі, сабаққа ынтасы, спортқа деген қызығушылығы, жағымды қарым-қатынасы әрбір дене шынықтыру пәні мұғалімі үшін өте  маңызды.

   Семинар – практикумның қорытынды кезеңінде, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қаймолдин Т.М семинардың өту барысында қамтылған мәселелердің маңыздылығына тоқталып өтті. Семинар аяғында қатысушылар кері байланыс жасап, алған  әсерлерімен бөлісті.

 Дене шынықтыр әдістемелік

 кафедра жетекшісі  Жаркенова З.Т.