Бала денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Бұл мәселеге біздің мектепте ерекше көңіл бөлінеді. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына ықпалын тигізеді. 2022 жылдың 13 қазанында Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектепте бракераждық комиссия өткізілді. Асхана жұмыстарын тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы тексерілді. Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың мөлшері, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары тексерілді. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде қаралды. Қазан айынан бастап Күнделік.MektepMenu қосымшасынан ас мәзірін көруге болады.