2022 жылдың 14 қазан күні “Жас мамандар мектебінің” кезекті отырысы өтті. Жоспарлы отырыс “Оқытуды саралау дегеніміз не және ол мектепке не үшін қажет” тақырыбына арналды. Отырыс барысында “Жас мамандар мектебінің” жетекшісі Еркін Теміржанұлы жастарға тақырып бойынша кеңінен ақпарат беріп, жетелеу сұрақтары арқылы тақырыпқа жан-жақты талдау жүргізді. Саралаудың түрлері талқыланғаннан кейін жастармен топтық жұмыс жүргізілді. Ашық микрофон арқылы жастар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.