“Ақтөбе қаласының білім бөлімі”ММ “Әдістемелік кабинет” КММ ұйымдастыруымен психологтердің кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық практикалық білім алу қызметін дамыту, отандық білім берудің бәсекелістігін, тиімділігін, гуманистік бағытын арттыруға ықпал етіп, психологтардың шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелері мен психологиялық-педагогикалық идеялары, жобалары, іс – тәжірибелерімен бөлісу мақсатында Республикалық “Үздік жыл психологы” қалалық байқауында Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп психологы Хасенова Айасыл Сериковна 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.