2022 жылдың 18 қазан ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін мұғалімдер мен мамандар үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында мұғалімдерге электронды портфолиоға құжаттарды жинақтау, құжаттарды дұрыс рәсімдеу қадамдары түсіндірілді. Сонымен қатар “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №561 бұйрығына сәйкес рәсімделетін қосымша құжаттар туралы ақпараттар айтылды. Ережеге сәйкес әр санатқа қойылатын талаптар түсіндірілді. Жиналыс соңында педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.