"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына арналған АШЫҚ АЛАҢ отырысы болып өтті.

            Мектеп оқушылары үшін тәрбие жұмыстары үнемі алдыңғы қатарға қойылатыны белгілі. Осы орайда мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына арналған құқық туралы сауатын кеңейту мақсатында АШЫҚ АЛАҢ отырысы болып өтті.
Отырыстың басты қонақтары ретінде Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Қ.Е.Қойлыбайұлы, М.Қ.Мұратұлы және кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша инспекторы А. А. Маратович қатысты.

            Келген қонақтар бала құқықтары жөнінде ақпараттар айтып, оқушылардың құқықтық тәрбие жөнінде білім көкжиегін кеңейтті.

            Отырыс соңында директордың міндетін уақытша атқарушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Мұқамбетәзиев сөз сөйледі. Оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу мен оны болдырмаудың жолдарын түсіндіріп, сақтық шараларын да үнемі есте сақтау керектігін еске салды.