"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Жас мамандар мектебінің» кезекті отырысы

«Жас мамандар мектебінің» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес  жас мамандар мен тәлімгер ұстаздардың кезекті отырысы өтті. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н.Ербозымова «Жас мамандар мектебінің» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес екінші оқу тоқсанында жүргізілетін жұмыстарға тоқталды. «Жас мамандар мектебінің» жетекшісі Е.Т.Тобылбаев «Эссе жазуға қойылатын талаптар» тақырыбындағы таныстырылымды жас мамандар назарына ұсынып, аттестаттаудан өтетін ұстаздардың эссе жазуда қандай мәселелерге мән беруі қажет екендігіне тоқталып, эссенің түрлеріне мысал келтірді. Жас мамандар көрсетілген таныстырылым бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасу жүргізілді. Тарих пәнінің мұғалімі А.Ж.Коныратбаева «Ғылыми зерттеу жұмыстарын жазуға қойылатын талаптар» тақырыбындағы таныстырылыммен таныстырып, жалпы жас маманның кәсіби дамуы жолында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызына тоқталып өтті. Отырыс соңында жас мамандар мен тәлімгер ұстаздар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, жоспарлы жұмыстар туралы ой бөлісті.