Бүгін әдістемелік кеңестің жылдық жоспарына сәйкес кезекті №3 кеңес отырысы өтті. Кеңесте мектеп кітапханасының меңгерушісі Г.К.Утениязованың, мектеп психологтері С.М.Жадырасынованың, А.С.Хасенованың, әлеуметтік педагогтер А.Абдуллинаның, А.Назарованың және қосымша білім беру педагогі Г.Мырзабайдың 2022-2023 оқу жылының І тоқсанында жүргізген жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды. Мамандардың есебі тыңдалғаннан кейін мектеп әкімшілігінің ұсыныстары айтылып, қойған сұрақтарына жауап берілді.
Әдістемелік кеңес күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, қаулы шығарды.