Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.Міне, өз ұрпағының өнегелі ,өнерлі ,еңбексүйгіш,абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен , ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі мен инеллектуалды әлеуеті халық байлығын құрайтын маңызды сипатқа ие, ал адамның біліктілігі ,кәсіби икемділігі ,шығармашылыққа талпыныс және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алады. 14.11-19.11.2022 күні ағылшын тілі әдістемелік кафедрасының «English is the global language» тақырыбында апталық мазмұнды әрі тартымды өтті.
Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктің атқаратын жұмысының зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі – пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған.
Ағылшын тілі апталығының мақcаты:
1. Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Ағылшын тілін үйреніп қана қоймай, ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Өзара тәжірибе алмасу арқылы педагогтардың шығармашылық потенциалын дамыту, шеберлігін шыңдау.
Әр сыныптарға ашық сабақтар,сыныптан тыс шаралар,сайыстар ұйымдастырылып өткізілді. Биылғы жылғы ерекшелікке тоқталатын болсам, апталық барысында безендірулер мен көрме ұйымдастырылып,оқушылардың пәнге байланысты ұйымдастырылған көріністері мен салтанатты кештің шырайын аша түсті. 28 ашық сабақ, 3 сыныптан тыс шара өтті. Оқушылар арасында «Super star» өтті, оқушылардың ағылшын тілінде өлең айту арқылы коммуникативтік және интеллектуалдық дамуына әсер етеді. «Joyful English with teachers» тақырыбында мұғалімдерге арналған сабақ өткізілді.Сабақ барысында өзге кафедрадағы ағылшын тілін үйренуге де қызығушылығы бар әріптестеріміз қатысып, ағылшын тілінен сыпайы сөздер мен сөз тіркестерімен танысты. «The puppet theatre» тақырыбында қуыршақтар театрында қойылымдар көрсетілді, сүйікті ертегі кейіпкерінің шытырман оқиғаларынан көрермендер жағымды әсер және жақсы көңіл-күй алды. «Surprise me!» тақырыбында дарынды оқушыларға арналған сыныптан тыс шара өтті,оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту ,білім,білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстап, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылды.«The Great Teacher of the People». Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кеш өтті, сыныптан тыс шараның мақсаты: оқушылардың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін ояту, білімді ізденімпаздыққа тәрбиелеу және үйрету. «TEDx» форматында дебат өтті. Қосымша ақылы қызмет көрсету курсына қатысатын оқушыларға арналған олимпиада өтті,олимпиада мақсаты:оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін арттыру, пәндік білімдерін тереңдету.«My best methods at the English lesson»тақырыбында шебер-класс өтті.Мұғалімдермен өз тәжірибесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда қолданылатын ұтымды , тиімді әдістер бойынша теориялық және практикалық жағынан кәсіби шеберлік ұсынды.Мектебімізде жыл сайын өткізілетін, дәстүрге айналған «English is the global language» тақырыбындағы апталық өтіп мәжіліс залында қорытындыланды.Оқушылар алғыс хат,дипломдар мен марапатталды.Мектеп мұғалімдерінің тынымсыз еңбегінің арқасында апталық барысында түрлі шаралар өткізіліп оқушыларымыз белсене қатысты.
«Өмірді тану – ғылым,өзіңді тану – өнер»дегендей, оқушының дарынын дамытып, құрметтеу, ұлт мақтанышы боларлықтай тәрбие беру ол әрбір ұстаздың міндеті