“Тіл-тірегі елімнің” атты ақындар мүшәйрасы
“Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады?”,- деп ұлы ойшыл Ахмет Байтұрсыновтың даналықпен айтқан ғибратты сөзін ұстаз бен шәкірт сабақтастығымен байланыстырар болсақ, балаға емірене қарап, ерінбей еткен еңбектің нәтижесі өз жемісін берері хақ. Мәселен, “Ақтөбе -Дарын” өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен Алаш қозғалысының қайраткері-Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған “Тіл-тірегі елімнің” атты ақындар мүшәйрасына қатысқан 10- класс оқушысы Мақсотова Іңкәр шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін жүлделі ll Дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Жетекші ұстазы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кулынтаева Калка Мухамбетжановна. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!