Өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін қымбат сый!Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту, жақсы қасиеттерді үйрету, оқушылардың ойын ашық айта білуге , өмірге деген көзқарасын қалыптастыру мақсатында 7 класс қыз балаларымен “Өмірді бағала” тақырыбында психологиялық қолдау тренингі өткізілді. Оқушылар осы тақырыпта өз ойларын ашық айта отырып, өз өмірінің мәнін түсінуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуге бағыт-бағдар алды.