Дарынды оқушыларды анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 5-6 сыныптарына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасына облыстық кезеңінде жоғары ұпай жинаған 5 «П» класс оқушылары Бурибаев Али және Карасаев Бейбарыс жүлделі орындарды иеленді. Жетекшісі-математика пәні мұғалімі Шуйншина Алмагуль Зинеевна.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Таудай талаптарыңыз өсе берсін.