"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ХАТТАМА КӨШІРМЕСІ

ХАТТАМА КӨШІРМЕСІ

«Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің қамқоршылық кеңес отырысының №6 отырысының хаттамасы

(2022-2023 оқу жылы)

«13» желтоқсан 2022 жыл

Қатысуға тиіс: қамқоршылық кеңес мүшесі-11

Қатысқандары: кеңес мүшесі-9

Қосымша қатысқандар: мектеп әкімшілігі мүшелері

Күн тәртібінде:

Күн тәртібінде қаралатын мәселелерУақытСөйлеуші
1.Мектеп статусын өзгерту туралы5-10 минутДиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Х.Садыкова
2.Конференцияны өткізу жұмыстары туралы5-10 минутДиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н.Ербозымова
3.Қамқоршылық кеңестің құрамын жаңарту туралы ұсыныс (отырысқа келмейтіндерді құрамнан босату)5-10 минут    Қамқоршылық кеңес төрағасы Ә.Боранбай  
4.Мұғалімдер мен қызметкерлерге сыйақы беру туралы5-10 минутМектеп директоры А.А.Тажимишев
5.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысында көрсетілген санаттағы отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету туралы.5-10 минутДиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Давлетова  

Тыңдалды:

Қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Әлиұлы қамқоршылық кеңестің алғысөзін алып, отырысқа қатысып отырғандарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, дауысқа салып бекітті. Қарсы және қалыс қалғандар болған жоқ.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Мектеп статусын өзгерту туралы» ұсынысты мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Б.Х.Садыкова сөз сөйледі.

2022-2023 оқу жылының 29 тамыз күні №1 педагогикалық кеңесте «Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылындағы жұмысына талдау және 2022-2023 оқу жылына мақсат-міндеттері» тақырыбында есеп тыңдалған болатын.

Есепте:

  • Мектептің жалпы сипаттамасы
  • Білім беру үдерісін ұйымдастыру.
  • Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
  • Жалпы қорытындылар (даму перспективалары мен 2022-2023 оқу жылына мақсат-міндеттер мен жұмыс жоспары) туралы толық ақпараттар берілді.

Мектепте педагогикалық қызметкерлер штат кестесіне сәйкес 100% құрады.

Оқытылатын пәндерге сәйкес базалық білімі бар мұғалімдердің үлесі 100%-ды құрады. Мектепте қазіргі таңда 255 педагог кадр еңбек етеді.  95% жоғары білімді және 5% арнаулы орта білімді мұғалімдер  жұмыс жасайды.

Мектептің педагог кадрларының сапалық құрамы соңғы 2 оқу жылын салыстырғанда 6%-ға өсіп, бүгінде мектепте жоғары және бірінші санатты, сарапшы, зерттеуші, шебер педагогтер үлесі 52 %-ды құрайды.

2022-2023 оқу жылында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп 6 күндік оқу, 3 ауысымдық режимде жұмыс жасайды. 1-11 кластар үшін білім беру процесін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып  жүзеге асырылады.

Оқу-материалдық қор кешені:

Оқу кабинеті – 57

Класс кабинеті – 39

Интерактивті тақтасы бар кабинеттер – 36

Паспортталған кабинеттер – 63

Зертханалық (арнайы) кабинет – 5

Спорт зал – 1

Гимнастика залы – 1

Мәжіліс залы – 1 (435 орындық)

Мектеп асханасы – 1 (372 орындық)

Кітапхана – 1

Мұражай – 1

Авторлық кабинеті – 2 (шахмат, «ART VIEW» шығармашылық студиясы)

Ағылшын тілі кабинеті – 6

ІТ кабинет – 1

Робототехника – 1

Информатика кабинеті – 3

Технология кабинеті – 2

Психолог кабинеті – 1

Логопед кабинеті – 1

Өзін-өзі тану кабинеті – 1

Оқушыларға қосымша білім алу және бос уакытын тиімді өткізу үшін мынадай нысандар бар:

Би залы – 1

«Бақытты бала» субұрқағы – 1

«Жеңіс» спорт орталығы: фитнес залы, бокс алаңы, күрес алаңы

«Жас дарын» шығармашылық орталығы: би залы, шахмат кабинеті

«Талант» орталығы

Мектептің материалдық-техникалық базасы жыл бойына жаңартылып, толықтырылып келді. Білім сапасын арттыру үшін білім беру үдерісіне қатысушылар мектептің материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталуын қамтамасыз етуі қажет. Информатика кабинеттері қажетті заманауи техникалық құралдармен жабдықталды, интернет желісіне қолжетімділік қамтылған. Мектептің барлық блоктарында интернетке қосылу мүмкіндіктері бар, қазіргі кезде мұғалімге де, оқушыларға да интернетпен жұмыс жасау жағдайы жасалған.

Мектептің әкімшілік құрамы, педагогогикалық ұжым  басқару-ұйымдастыру, диагностикалау, оқу-тәрбие үдерісінде компьютерлік техника, мультимедиа, интернетті белсенді түрде қолдану мүмкіндіктері бар. Мектептің 1-2-3 қабаттағы барлық оқу кабинеттері мен дәліздері толығымен бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Жалпы мектеп бойынша  білім алушы саны- 3601 оқушы, білім сапасы - 50,5 пайыз.

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің жобасымен 2020-2025 жылдарға арналған кітапхана жұмысының перспектиктивалық даму жоспары негізінде мектеп кітапхана қорын толықтыру жүйесі бойынша бірқатар шаралар орындалып келеді. Қазіргі таңда кітапхана қорында жалпы саны 120 518 дана кітап бар (оның ішінде 111 435 дана оқулық, 9 083 дана көркем әдебиет).

            Жалпы алғанда, мектептің материалдық базасы, оқушылар контингенті, білім сапасы, педагогтардың сапалық құрамы, жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие процесінің сапасы және нәтижелері, мектептің облыс, республикалық конкурстардан алған жүлделі орындары, халықаралық ұйымдармен іскерлік байланысы тағы басқа да критерийлері мектептің гимназия статусына көшуіне мүмкіндіктер береді.

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11716 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 391 бұйрығымен бекітілген

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 14.07.2021 № 339 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.


Р/с №
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарыБіліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттарЕскертпе 
3. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін
15Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және № 604 бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері. 
16Тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы. Жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі кемінде 35 %; лицей үшін 40 %-дан кем емес, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 30 %-дан кем емес; гимназиялар үшін кемінде 40 %, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30 %; дарынды тұлғаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін кемінде 45 %, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда).Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). 
16-1№ 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы.Оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). 
17Медициналық қызмет көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарымен лицензия немесе шарт негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.Медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы, оның ішінде медициналық пунктінің және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. 
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі. 
18Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе № 71 қаулыға сәйкес бекітілген білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. 
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың көшірмесі. 
19Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе № 71 қаулымен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу.Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері; санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/актінің көшірмесі;
өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың көшірмесі.
 
20№ 79 бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдарындағы пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы;
– № 604 және № 595 бұйрықтарға сәйкес пәндік кабинеттермен, зертханалармен, спорт залдарымен жабдықталуы;
– edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;
– № 70 бұйрықпен бекітілген жабдықтар мен жиһаздардың болуы;
– ғимаратта № 71 қаулыға сәйкес санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуғыштар) болуы.
Мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін № 32 және № 49 бұйрықтарға сәйкес білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде орналастырылған білім беру ұйымдарына қолданылмайды. 
21№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорына сәйкестігі.Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. 
21-1Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу).Жасалған жағдай туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 

31 тамыз 2022 жылы №385 бұйрығының

2-қосымшасы

295. Біріктірілген білім беру ұйымдарының негізгі түрлері:

      1) мектеп-гимназия;

      2) мектеп-лицей;

      3) қосымша білім беру мектеп-орталығы;

      4) мектеп-интернат-колледж;

      5) оқу-сауықтыру орталығы (кешені);

      6) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық);

      7) оқу-тәрбие орталығы (кешені);

      9) дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

1-параграф. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлері қызметінің үлгілік қағидалары

      296. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлердің мақсаты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын және білім алушыларға тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын, сондай-ақ қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      297. Аталған мақсатын жүзеге асыру үшін мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер келесі тапсырмаларды іске асырады:

      1) кәсіптік білім бағдарламасын игеруге және таңдауға дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениеті жоғары интелектуалды тұлғаны қалыптастыру;

      2) оқуға қабілетті, дарынды білім алушыларды анықтау;

      3) гимназия және лицей сынып білім алушыларын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт деңгейін арттыру арқылы оқыту;

      4) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану негізінде білім алушылардың өзіндік танымдық қызмет және шығармашылық қабілет дағдыларын дамыту;

      5) шығармашылық әлеуетін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау;

      6) жалпы білім беру процесінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен шығармашылығын арттыру.

      298. Мектеп-гимназияның бағыттары: гуманитарлық, тілдік, эстетикалық және көпсалалық бағытта болуы мүмкін.

24. Мектеп-гимназия, мектеп-лицей – өз құрылымында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдармаларын іске асыратын сыныптары, сондай-ақ оқушылардың қабілеттері мен бейімдіктеріне байланысты тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын сыныптары бар заңды дербес жалпы орта білім беретін оқу орындары.

25. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлердің мақсаты:

  • бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын және оқушыларға тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын, сондай-ақ қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау.

26. Аталған мақсатын жүзеге асыру үшін мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер келесі тапсырмаларды іске асырады:

1) кәсіптік білім бағдарламасын игеруге және таңдауға дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениеті жоғары интелектуалды тұлғаны қалыптастыру;

2) оқуға қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау;

3) гимназия және лицей сынып окушыларын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт деңгейін арттыру арқылы оқыту;

4) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану негізінде оқушылардың өзіндік танымдық қызмет және шығармашылық қабілет дағдыларын дамыту;

5) шығармашылық әлеуетін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау;

6) жалпы білім беру процесінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен шығармашылығын арттыру;

27. Мектеп-гимназияның бағыттары: гуманитарлық, тілдік, эстетикалық және көпсалалық бағытта болуы мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ: «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерін және қазіргі бар мүмкіндіктерін саралап, ҚР БҒМ  2015 жылғы 17 маусымдағы  №391 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесімен», ҚР Оқу-ағарту министрлігінің  31 тамыз 2022 жылы №385 бұйрығының 2-қосымшасы 1-параграфте белгіленген «Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлері қызметінің үлгілік қағидаларымен» салыстыра келе, «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сі жалпы білім беретін орта мектеп статусын «мектеп-гимназия» статусына өзгертуге болады деген тұжырым жасаймын және ұсыныс білдіремін.

Сөйледі: Қамқоршылық кеңес мүшесі  Әлиұлы Боранбай мырза сөйледі. Мотивация – өмірдің мәні және кез-келген жетістікке жетудің жолы. Мұғалімдерге осындай мотивация беру арқылы, жақсы жұмыстың нәтижесін көреміз деген ойдамын.

Сөйледі: Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Есенгелді Шарипович сөйледі. Әрине қолдаймыз, жақсы істің басы!  

2.Тыңдалды: Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Конференцияны өткізу жұмыстары туралы» баяндаманы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н.Ербозымова мәлімдейді.

 «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ және Д.Қонаев атындағы Халықаралық қоғамдық Қор меморандумы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Ақтөбе» облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлесіп, Ақтөбе қаласында 5 қаңтар 2023 жылы «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ базасында өтетін «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ – ҒАСЫР САҢЛАҒЫ» І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – білім беру ұйымдарында Д.А.Қонаевтың ұлы тарихи тұлға ретінде есімін ұлықтау, жобалық-зерттеу жұмысын енгізу мен жүзеге асыруда ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.

Міндеттері:

  • Жобалық-зерттеу жұмысын ұйымдастыруда инновациялық практиканың өнімді педагогикалық тәжірибелерін анықтау және тарату;
  • Ұстаздар мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ынта-ықыласын көрсетуге, ғылыми-әдістемелік бастамаларын ашуға қолдау көрсету;
  • Оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттыру, ғылыми жобалармен жұмыс жасауға дағдыландыру.

            Конференция жұмысының бағыттары:

  • «Д.А.Қонаев және қазақ ғылымы» (Д.Қонаевтың қазақ ғылымын дамытудағы еңбектері)
  • «…Халқы үшін бәріне даяр шын ұлт перзенті…» (Д.Қонаевтың басқарушылық қызметі)
  • «Мұхиттан өткен қайық» (Д.Қонаевтың тарихи тұлға ретінде зерттелуі)
  • «Қара сөздің қаймағы» (Д.Қонаевтың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні)

Конференцияға қатысушылар: білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері, жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқытушылары, студенттер, мектеп оқушылары. 

            Конференцияға қатысушылардан 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін мақалалар электронды почтаға қабылданды. Конференция ережесінде көрсетілген почтаға 150-ге жуық мақала қабылданды. Сараптау комиссиясымен мақалалар түгел тексеруден өтіп, жинаққа енгізуге 140 мақала қабылданды.

БөлімдерБар-лығыБіздің мектеп-тенАқтөбе қаласыАудан-дарданБасқа облыс-тарданОқушы-ларЖұбанов унив.Өрлеу инст
1Д.А.Қонаев және қазақ ғылымы199171111 
2…Халқы үшін бәріне даяр шын ұлт перзенті40172810220 
3Мұхиттан өткен қайық41167745 2
4Қара сөздің қаймағы401513326  
Барлығы14057652191412

Конференцияның 4 бағыты бойынша қабылданған мақалаларды саралай келе, біздер 5 секциялық отырысқа бөлуді жоспарлап отырмыз. Себебі Д.Қонаев туралы өз мақалаларын ұсынған оқушылардың секциясын бөлек өткізу жоспарда бар. Әр секцияға 12-15 баяндамашы және 20-25 тыңдаушы қатысады.

Конференцияны 4 мекеме бірігіп өткізу арқылы біз мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың есімін ұлықтау, оқушылар мен мұғалімдердің арасында тұлға туралы ақпараттарды кеңінен насихаттаймыз. Осы конференцияны өткізу арқылы біздер ғалымның мақалалары мен нақыл сөздерін кеңінен насихаттап, алдағы уақытта тарихи тұлға ретінде кеңінен зерттелуіне ықпал етеміз деген ойдамыз.

Сөйледі: Қамқоршылық кеңес мүшесі Жанбусинова Гульнара Абдисаметовна ханым сөйледі. Конференцияға Бізден қандай көмек қажет? Қолымыздан келгенше көмектесеміз!

3.Тыңдалды: Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Қамқоршылық кеңестің құрамын жаңарту туралы ұсыныс (отырысқа келмейтіндерді құрамнан босату)» қамқоршылық кеңес төрағасы Ә.Боранбай мырза сөйледі.

            Саламатсыздар ма қамқоршылық кеңес, әкімшілік мүшелері! Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының 5 таруында көрсетілгендей «отырыстарда себепсіз қатарынан үш рет болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығарылады» деп жазылған. Сол себепті үш рет қатарынан келмеген мүшелер қамқоршылық кеңес мүшесі тізімінен алынады.

4.Тыңдалды: Күн тәртібіндегі төртінші мәселе «Мектеп ұжымына сыйақы беру туралы» мектеп директоры А.А.Тажимишев сөйледі.

            «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы және кәсіподақ комитетімен бірлескен комиссия қорытындысы шешімі негізінде 2021-2022 оқу жылында міндеттерді үлгілі орындаған орындаған төмендегі қызметкерлерге сыйақы беруді ұсынамын.

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШЕШІМІ

  1. Мектептің 5 жылдық мерейтойына орай мұғалімдерді, қызметкерлерді, ата-аналарды медальдармен марапаттау туралы ұсыныс қанағаттанарлық деп танылсын.
  2. Конференцияны өткізу жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.
  3. Қамқоршылық кеңес отырысына келмеген мүшелер алынып, құрам қайта жаңатылсын.
  4. Мұғалімдер мен қызметкерлерге сыйақы беру ұсынысы қанағаттандырылсын.

Қамқоршылық кеңес төрағасы    Б.Әлиұлы    қол қойды

Хатшы                                          Ж.Черниязова  қол қойды

Қамқоршылық кеңес мүшелері

Аманғалиев Нұрлан Ерсайынович    қол қойды

Сарсен Есенгелді Шарипович     қол қойды

Нурмаганбетов Кенжебек Скакович    қол қойды

Утепова Ельвера Хамитовна    қол қойды

Жанбусинова Гульнара Абдисаметовна    қол қойды

Абдрахманова Жанна Әділханқызы   қол қойды

Таубекова Гульмира Сағидоллақызы    қол қойды

Қалмұратов Нұрбек Табынбайұлы    қол қойды

ХАТТАМА КӨШІРМЕСІ

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысында көрсетілген

 (Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.08.2022 №544 қаулысы)

санаттағы отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету туралы

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына 4-қосымшасы

 «Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің

білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету жөніндегі отырысының

 2022 жылғы “12” желтоқсандағы №6 хаттамасы

Орналасқан жері: Қарғалы 12А

  1. Алқалы басқару органының құрамы:
  2. Әлиұлы Боранбай – қамқоршылық кеңесінің төрайымы
  3. Сарсен Есенгелди Шарипович – қамқоршылық кеңес төраға орынбасары
  4. Аманғалиев Нұрлан Ерсайынович – қамқоршылық кеңес мүшесі
  5. Қалмұратов Нұрбек Табынбайұлы – қамқоршылық кеңес мүшесі
  6. Утепбаев Эльвера Хамитовна – қамқоршылық кеңес мүшесі
  7. Жанбусинова Гульнара Абдисаметовна – қамқоршылық кеңес мүшесі
  8. Жұмағұлова Бибігүл Түгелбайқызы – қамқоршылық кеңес мүшесі
  9. Абдрахманова Жанна Әділханқызы – қамқоршылық кеңес мүшесі
  10. Таубекова Гулмира Сағидоллақызы – қамқоршылық кеңес мүшесі
  11. Нурмаганбетова Кенжебек Скакович – қамқоршылық кеңес мүшесі
  12. Шүйдебаев Айбек Құрманұлы – қамқоршылық кеңес мүшесі
  13. Смагулова Марал Канатовна – қамқоршылық кеңес мүшесі
  14. Жусупова Алия Дүйсенбаевна – қамқоршылық кеңес мүшесі
  15. Қаржылық / материалдық көмек алуға өтініштер тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен тіркелген:
Өтініш берушінің Т.А.ӘБілім алушының /тәрбиеленушінің ТА.Ә, сыныбыКүні/өтініш нөміріКөмек түрі  
ҚаржылықМатериалдық көмек
1Саймағамбетова АСаймағамбетов Мұхамедали 1Ғ12.09.2022+
2Сугурова ГБахытов Нұрдаулет 5Қ09.12.2022+
3Тауменов ЕБолатбай Медина 1Ғ09.12.2022+
4Бекмағамбетова СМухамедкалиева Анель 10В08.12.2022+
5Құнанбаева БТосын Алия 2Ғ  05.12.2022+
6Қали РСеріков Али 6Ж Серикова Камила 1Р12.12.2022+
7Курбанова ФИбрагимова Фазилат 2В Ибрагимова Динара 6Е Ибрагимова Онабибі 7З09.12.2022+

өтініштерді қарау кезінде барлық қатысушыларға жария етілді.

 3. Алқалы басқару органы растайтын құжаттармен бірге өтініштерді қарап, ашық дауыс беру арқылы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1) Мына өтініш берушілерге көмек көрсетілсін:   

Өтініш берушінің Т.А.ӘБілім алушының /тәрбиеленушінің ТА.Ә, сыныбыКүні/өтініш нөміріСанаты  Көмек түрі  
ҚаржылықМатериалдық көмек
1Саймағамбетова АСаймағамбетов Мұхамедали 1Ғ12.09.2022АСПЫстық тамақ
2Сугурова ГБахытов Нұрдаулет 5Қ09.12.2022Қолдау хатЫстық тамақ
3Тауменов ЕБолатбай Медина 1Ғ09.12.2022АСПЫстық тамақ
4Бекмағамбетова СМухамедкалиева Анель 10В08.12.2022Аз қамтылғанЫстық тамақ
5Құнанбаева БТосын Алия 2Ғ  05.12.2022Аз қамтылғанЫстық тамақ
6Қали РСеріков Али 6Ж Серикова Камила 1Р12.12.2022Аз қамтылғанЫстық тамақ
7Курбанова ФИбрагимова Фазилат 2В Ибрагимова Динара 6Е Ибрагимова Онабибі 7З09.12.2022Аз қамтылғанЫстық тамақ

2) Көмек көрсетуден бас тартылған адам жоқ. 414 арыз қанағаттандырылсын. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысында көрсетілген (Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.08.2022 №544 қаулысы) санаттағы отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетілсін.

Бұл шешім үшін дауыс берді:

Қолдайды 9 дауыс;

–     Әлиұлы Боранбай – қамқоршылық кеңесінің төрайымы

  • Сарсен Есенгелди Шарипович – қамқоршылық кеңес төраға орынбасары
  • Аманғалиев Нұрлан Ерсайынович – қамқоршылық кеңес мүшесі
  • Утепбаев Эльвера Хамитовна – қамқоршылық кеңес мүшесі
  • Жанбусинова Гульнара Абдисаметовна – қамқоршылық кеңес мүшесі
  • Жұмағұлова Бибігүл Түгелбайқызы – қамқоршылық кеңес мүшесі
  • Абдрахманова Жанна Әділханқызы – қамқоршылық кеңес мүшесі
  • Смагулова Марал Канатовна – қамқоршылық кеңес мүшесі
  • Жусупова Алия Дүйсенбаевна – қамқоршылық кеңес мүшесі

Қарсы 0 дауыс;
Алқалы басқару органының өкілдері:

Әлиұлы Боранбай – қамқоршылық кеңесінің төрайымы

Сарсен Есенгелди Шарипович – қамқоршылық кеңес төраға орынбасары

Аманғалиев Нұрлан Ерсайынович – қамқоршылық кеңес мүшесі

Қалмұратов Нұрбек Табынбайұлы – қамқоршылық кеңес мүшесі

Утепбаев Эльвера Хамитовна – қамқоршылық кеңес мүшесі

Жанбусинова Гульнара Абдисаметовна – қамқоршылық кеңес мүшесі

Жұмағұлова Бибігүл Түгелбайқызы – қамқоршылық кеңес мүшесі

Абдрахманова Жанна Әділханқызы – қамқоршылық кеңес мүшесі

Таубекова Гулмира Сағидоллақызы – қамқоршылық кеңес мүшесі

Нурмаганбетова Кенжебек Скакович – қамқоршылық кеңес мүшесі

Шүйдебаев Айбек Құрманұлы – қамқоршылық кеңес мүшесі

Смагулова Марал Канатовна – қамқоршылық кеңес мүшесі

Жусупова Алия Дүйсенбаевна – қамқоршылық кеңес мүшесі

Білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты тұлға
_______________ ____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы