"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Қазақтың Бибі-Анасы” атты ғылыми зерттеу-мақала байқауы жеңімпаздары

“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы мен “Әдістемелік кабинет” КММ ұйымдастыруымен 2022  жылдың желтоқсан айында «Бибі-Ана» қайырымдылық қорыныңпрезиденті Бибігүл Иманғазинаның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында жалпы білім беретін мектептердің 9-10 сынып оқушылары арасында  “Қазақтың Бибі-Анасы” атты ғылыми зерттеу-мақала байқауының қалалық, облыстық  кезеңдері ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: Бибігүл Имангазинаның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жазушының мол мұрасын зерделеп,  оқушылардың шығармашылық танымдарын толықтыру.

Байқау екі кезең бойынша өткізіліп, қалалық кезеңнен Қасымханқызы Қызғалдақ І орын, Болатбек Әлишер ІІ орын қанжығалады. Екінші кезеңге жолдама алған жеңімпаздарымыз облыстық кезеңде Болатбек Әлишер І орын, Қасымханқызы Қызғалдақ ІІ орын еншіледі.

  Жетекшілер-Еркин Темиржанович Тобылбаев пен Гүлсамал Мирамбекқызы Төлеухан