2022 жылдың 24 желтоқсан күні Елордамыз Астана қаласында “Bilim Orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығының” ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген “ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2022” атты республикалық байқауға мектебіміздің педагог-психологы Хасенова Айасыл Сериковна мен мұғалім-логопеді Ойлыбаева Айтолқын Қуанышбекқызы қатысып,
I дәрежелі дипломы мен “Үздік жас маман” төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, жас мамандарды қолдауда орасан зор үлес қосқаны үшін мектеп басшысы Тажимишев Абзал Амантайұлына алғыс хат берілді.