"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Fact & Real» олимпиадасы құрамасы

2023 жылдың 5-6 қаңтар күндері  Ақтөбе қаласы, «Agbobek International school» мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептер арасында  «Fact & Real» олимпиадасына мектебіміздің мәртебесін қорғауға  4 оқушыдан құралған топ қатысты.  Топ құрамасы:

5 «С» кл-Карасаев Бейбарыс;

5 «С» кл-Бурибаев Али;

6 «В» кл-Орынғали Бекнұр;

6 «Ә» кл-Ануарұлы Саян.

Олимпиаданың мақсаты:

-Жасөспірімдердің математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

-Ақтөбе қаласының олимпиадалық резервін даярлау жүйесін жетілдіру;

-Ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қызығушылық пен шығармашылықты анықтау және дамыту;

-Дарынды балаларды қолдау, жастар арасында ғылыми білімді тарату және танымал ету қажетті жағдайлар жасау.

Олимпиада нәтижесінде барлық оқушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Жеке сайыста жас ерекшеліктеріне сәйкес математикалық тапсырмаларды үздік орындап шыққан 5 «С» кл-Карасаев Бейбарыс жүлделі 3 орын иеленіп, арнайы және қаржылай сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі -математика пәні мұғалімі Шуйншина Алмагуль Зинеевна. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға  «Agbobek» лагеріне демалуға жеңілдік сертификаты табысталды.

Жас математиктердің болашағы жарқын болатынына сенеміз!