"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ғасыр саңлағы» І Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы қорытындысы

І Республикалық ғылыми-практикалық  конференциясына шолу

Ақтөбе қ.аласы                                                                     5 қаңтар 2023 жыл

«Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ және «Д.Қонаев атындағы Халықаралық қоғамдық Қор» меморандумы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе» облысы бойынша Кәсіби даму институты» Ақтөбе  қаласында 2023 жылы 5 қаңтар күні «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ базасында «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ – ҒАСЫР САҢЛАҒЫ»      І Республикалық ғылыми-практикалық конференция (әрі қарай конференция) өтті.                                   

Конференцияның мақсаты:

  • білім беру ұйымдарында Д.А.Қонаевтың ұлы тарихи тұлға ретінде есімін ұлықтау, жобалық-зерттеу жұмысын енгізу мен жүзеге асыруда ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті:

Конференцияның дайындығына және өткізілуіне Ақтөбе қаласы «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ әкімшілігі жауапты.

Конференция жұмысының бағыттары:

  • «Д.А.Қонаев және қазақ ғылымы» (Д.Қонаевтың қазақ ғылымын дамытудағы еңбектері)
  • «…Халқы үшін бәріне даяр шын ұлт перзенті…» (Д.Қонаевтың басқарушылық қызметі)
  • «Мұхиттан өткен қайық» (Д.Қонаевтың тарихи тұлға ретінде зерттелуі)
  • «Қара сөздің қаймағы» (Д.Қонаевтың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні)

Конференцияға қатысуға 250ден астам сұраныстар мен авторлық мақалалар түсті. Мақалалардың талаптарға сай болуы, конференция материалдарының жинағына іріктеу үшін сараптау комиссиясы жұмыс жасады: 140 мақала іріктеліп, конференция материалдарының жинағына енді. Нәтижесінде 388 беттен тұратын 100 дана жинақ баспадан шықты.

Конференцияға қатысушылар:  облыстық Білім басқарма, аудандық (қалалық) білім бөлімдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқытушылары, қоғам қайраткерлері. Сонымен қатар, аталған шараға республика көлемінде Д.А.Қонаевтың есімі берілген білім беру ұйымдары мен қоғамдық қор өкілдері шақырылды.

І Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға арнайы шақыртумен республика көлемінде белгілі тұлғалар – Алматы қаласынан «Д.Қонаев атындағы Халықаралық Қоғамдық Қор» вице-президенттері Байбол Болат Қажыақбар, Керимбек Шатырхан Сарыбайұлы, Қордың Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Темиргалиев Рүстем Такенович, Д.Қонаев мұражайының басшысы Кубашева Елена Ивановна, Астана қаласынан белгілі қонаевтанушы, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор, «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты, «Таңғажайып Қонаев» кітабының авторы Қауғабай Ораз Дөненбайұлы қатысты. Сонымен қатар, конференцияға Қонаев қаласындағы «Орта мектеп-гимназия» директорының орынбасары Мыңжасарова Г., Орал қаласы «Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия» директорының орынбасары Темирбаева К.Х., Түркістан облысы «Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж» аға оқытушысы Абдижалилов Д.Э., Түркістан облысы «Д.Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицей» директорының орынбасары Уалханов Н. қатысып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Модератор – Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлы жүргізген кеңейтілген пленарлық жиында баяндамалар оқылды:

1. «Дінмұхамедтердің әлемдік даңқы» Қауғабай Ораз Дөненбайұлы – белгілі қаламгер, қонаевтанушы ғалым, «Таңғажайып Қонаев» кітабының авторы.

2. «Д.А.Қонаевтың мұрасын насихаттау» Байбол Болат Қажыақбар – “Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қорының” вице-президенті.

     3. «Кемеңгер Д.А.Қонаев»   Керімбек Шатырхан Сарыбайұлы – “Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қорының” вице-президенті.

    4.  “Д.Қонаев – ғасырдың ғаламат адамы» Темиргалиев Рустем Такенович – “Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қорының” Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

     5.“Д.Қонаев тағылымы” Сәрсенбин Үмбетхан Қуандықұлы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,  кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты.

6.      Садықова Ақгүл Төлібайқызы – Ақтөбе  облысының Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы.

      7. Адилханова Марал Тенеловна – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогтарды Кәсіби даярлау институты, әдіскер.

      8.  «Ер есімі – ел есінде» Тажимишев Абзал Амантаевич – Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің директоры, Ақтөбе қаласы.

Конференцияның бағыттары бойынша 5 секциялық отырыстар ұйымдастырылды.

Конференция барысында мектепте Д.А.Қонаев кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Конаев кабинеті ұлы тұлға туралы мәліметтермен көркемделген, жаңа жиһаздармен, оқу-әдістемелік құралдарымен қамтылған. Жаңадан ашылған оқу кабинетіне жоғары класс оқушыларына сабақ өтетін болады.

Конференцияға Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген Д.Қонаев мұражайының басшысы Кубашева Елена Ивановна шараға қатысушыларды Д.Қонаевтың мұражайдағы жеке заттарымен (экспонаттармен), тарихи тұлға туралы бейнефильмдермен таныстырды. Сонымен қатар, конференция аясында Алматы қаласындағы Д.Қонаев мұражайы және Ақтөбе қаласы «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» арасында ынтымақтастық орнату мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды.

“ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ – ҒАСЫР САҢЛАҒЫ”

І Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы негізінде ұсыныстар:

  1. Қайраткердің туған күні мен өмірден өткен күніне орай білім беру ұйымдарында танымдық іс-шаралар өткізу;
  2. Тұлға атында мемлекеттік сыйлық тағайындау;
  3. Ұлт көшбасшысына арнап гранттар мен жас ғалым шәкіртақылары тағайындалып, студенттерге магистрлық бөлімдер ашылып, мектеп оқулығы «География» пәнінде  индустриялық, архитекторлық бағыттарға заман талабына сай тақырыптар енгізу;
  4. Ақтөбе қаласының басты көшелерінің бірінде немесе үлкен саябақтарында Д.Қонаевтың ескерткішін орнату;
  5. Дінмұхамед Ахметұлының есімін тек қала орталығындағы көшелерге ғана емес, облыстардың елдімекендеріндегі көшелерге де беру;
  6. Дінмұхамед Қонаевтың ғылыми еңбектерін оқып, зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу конкурстарын ұйымдастыру;
  7. Орта және жоғары білім беру ұйымдарында «Қонаевтану» элективтік курсын енгізу;
  8. Д.А.Қонаев туралы арнайы сағаттар «Қазақстан тарихы» пәніне енгізу;
  9. Мемлекеттік қызметкерлер мен басшылардың арасында Д.Қонаевтың халыққа адал қызмет ету қағидалары насихатталып, жас мемлекеттік қызметкерлер арасында сайыстар ұйымдастыру;
  1. «Қазақ тілі және әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі» оқулықтарына Д. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы мәтіндерді енгізу;
  2. Д. Қонаевтың ел басқару тұсында Ақтөбе облысында құрылған Ембі, Хромтау, Қандыағаш, Алға, Жем қалаларындағы мектептермен ынтымақтастық алаңын ұйымдастыру; ынтымақтастық алаңы жоспарына сай Д. Қонаевтың тағылымға толы өмірі мен қызметі туралы жаңа форматтағы іс-шаралар өткізу;
  3. Д.Қонаевтың есімін ұлықтау мақсатында оқушыларға арналған бейнефильмдер шығару және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау;
  4. Республиканың ірі қалаларының беделді жоғары оқу орындарының біріне ұлы тұлғаның есімін беру.

Конференция жұмысында ұйымдастырушылық пен техникалық қамтамасыз етудің жоғары деңгейі, конференцияға ұсынылған баяндамалардың өзектілігі мен сапасын көрсететін кең көлемде орындалған редакциялық жұмысты атап өтуге болады. Жалпы, секциялық және пленарлық отырыстардың ұйымдастырылуындағы Ақтөбе қаласы Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп әкімшілігінің жоғары әлеуеті, осындай шараларды өткізудегі озық тәжірибесі туралы қатысушылардың оң пікірлері айтылды. Д.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған “ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ – ҒАСЫР САҢЛАҒЫ” І Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары үлкен жинаққа енгізілді. ҒПК материалдары және қорытынды-ұсыныстары Оқу-ағарту министрлігіне жолданатын болады.

І. «Д.А.ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫ» секциясы

Модераторлар: «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» директордың орынбасарлары Т.М.Қаймолдин, А.М.Мұқамбетәзиев

Секция отырысында Д.Қонаевтың өмірі мен мемлекеттік қызметі, оның республикамыздың ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі мен көп қырлы қызметіне кеңінен талдау жасады. Секцияда жалпы 13 баяндама тыңдалды. Алматы облысы, Қонаев қаласы «Орта мектеп-гимназиядан» КММ келген М.Тұрғанбаева Қапшағай қаласына Қонаев есімін беру себептері және Қапшағай қаласының тарихын баяндады. Секцияда қоғам қайраткерінің мемлекетті дамыту жолында атқарған істері, азаматтық болмысы кеңінен сөз болды. Ақтөбе облысы «№4 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектеп» директоры Мусина Г.Н. “Әмбебап тұлға Д.Қонаев және оның ғылымдағы қайраткерлік қызметі” тақырыбында баяндама жасады. Тұлғаның көреген саясатшы ретінде шешім қабылдап қана қоймай, оларды жүзеге асыруда бұқара халықты да жұмылдыра алатын қабілетін де тілге тиек етті. Қайраткердің туған күні мен өмірден өткен күніне орай еске алу және танымдық іс-шаралар өткізуді ұсынды.

Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Мұқамбетәзиев Қонаев басқарған жылдардағы тау-кен ісін дамытудағы жаңа қалалардың пайда болуы мен ірі өнеркәсіп орындарын ашуда қосқан қомақты үлесін атап өтті. «Тұлға атында мемлекеттік сыйлық тағайындалса» деген ұсынысын жеткізді.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т. Қаймолдин баяндамасының соңында «ұлт көшбасшысына арнап гранттар мен жас ғалым шәкіртақылары тағайындалып, студенттерге магистрлық бөлімдер ашылып, мектеп оқулығы «География» пәнінде  индустриялық, архитекторлық бағыттарға тақырыптар енгізілсе» деген ұсынысын жеткізді.

ІІ. “Халқы үшін бәріне даяр шын ұлт перзенті” секциясы

Модераторлар: «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» директордың орынбасарлары Б.С.Шамгунова, М.Н.Ербозымова

Бұл бөлім бойынша жинаққа Дінмұхамед Ахметұлының басқарушылық қызметі туралы 40 мақала енгізілді. Секциялық отырыста қаралған жұмыстардың ішінде Орал қаласы Д.А.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темирбаева Қ.Х. “Дінмұхамед – ұлы тұлға ардақты”,Қостанай облысы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері Қаженова М.Ә., Төреғалиева Ж. Б.“Д.Қонаев – ХХ ғасырдың қоғам қайраткері”, Ақтөбе қаласы №13 мектеп директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова М.Б. “Дінмұхамед Ахметұлы – өз халқының ұлы көсемі” тақырыптарында жасалған жұмыстарын атап өтуге болады.

«Өнер, білім алып қал босқа өткізбей,

Қартайған соң, таппассың оның бірін» деген тәмсілді ұстанған ел ағасының өнегелі істерін насихаттайтын жұмыстар таныстырылып, тың ақпараттар тыңдалды.

Секциялық отырыстың ұсыныстары:

  • Д.Қонаевтың ескерткішін Ақтөбе қаласының басты көшелерінің бірінде, саябақтарында орнату;
  • Дінмұхамед Қонаевтың ғылыми еңбектерін оқып, зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу конкурстарын ұйымдастыру;
  • Орта және жоғары білім беру ұйымдарында «Қонаевтану» бағдарламасын енгізу;
  • «Қазақстан тарихы» пәнін Қонаев туралы мәліметтермен толықтыру;
  • Мемлекеттік қызметкерлер мен басшылардың арасында Д.Қонаевтың халыққа адал қызмет ету қағидалары насихатталып, жас мемлекеттік қызметкерлер арасында сайыстар ұйымдастыру

ІІІ. «МҰХИТТАН ӨТКЕН ҚАЙЫҚ» секциясы

Модераторлар: Садыкова Б.Х., Мураталиева И.С – Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Секция отырысына барлығы 35 адам қатысты, 13 мақала авторларының жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.Баяндамашы Абулхайрова Г. Е. «Өрлеу» БАҰО АҚ «Кәсіби даму институты» кафедра аға оқытушы «Тағылымы мол тарихи тұлға» тақырыбында зерттеулік жұмыстың нәтижелерімен таныстырып, Д.Қонаевтың есімін ұлықтау мақсатында бірқатар ұсыныстар берді.         Маңғыстау облысы Шахта орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих-құқық мұғалімі Утигалиева М.М. «Д.Қонаев – қазақ ұлтының кемеңгері» тақырыбында Д.Қонаевтың басшылық қызметте саяси қайшылықтарды ақылмен жеңіп, оң шешімдер таба білу қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру қажеттілігіне тоқталды. Ақтөбе қаласы «№75 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, тарих мұғалімі Калиева К.И. «Азулы заманды ақылмен басқарған басшы» баяндамасының маңызды тұстарын атауға болады.

Секция отырысында қаралған мәселелер бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасады:

1. Жастарды, оқушылардың Д.Қонаев туралы толық мәліметтер алып, оны үлгі ету мақсатында мектептерде Қонаев кабинеті, бұрыштарын ашуға ықпал ету;

2. Мектептерде жоғары, орта буын сыныптары арасында «Қонаев оқуларын» ұйымдастыру және оны жылда өткізу, дәстүрге айналдыру;

3. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби даму курстарына Д.Қонаевтың басқарушылық теориясы және стратегияларын курс бағдарламасына, практикаға енгізу.

4. Республиканың ірі қалаларының беделді жоғары оқу орындарының біріне ұлы тұлғаның есімі берілсе.

IV.«ҚАРА СӨЗДІҢ ҚАЙМАҒЫ» секциясы

Модераторлар:Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Черниязова Ж.Б.,Давлетова Н.

Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың ардақты ұлы Д. Қонаевтың ұрпақ үшін тәлім-тәрбие беретін нақыл сөздеріне арналған 4-секция «Қара сөздің қаймағы» секциясы бойынша конференция жинағына 40 мақала енді. Секция отырысында 12 спикердің жұмысы тыңдалды.

Түркістан облысы «Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж» МКҚК-нің арнайы пәндер аға оқытушысы Абдижалилов Д. Э. “Ұлы даланың ұлы тұлғасы – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев”; Ақтөбе қаласы Д.Қонаев атындағы ЖББОМ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі М. Романованың  “Заңғар тұлғаның нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні”, Ақтөбе қаласы №15 мектеп мұғалімі Б.Канаеваның “Қонаев және заманауи тұлғадағы жастар” баядамаларының маңыздылығына ерекше тоқталуға болады.

Қазақ елінің өркендеуіне жылдар бойы үлес қосқан, халық алдында абыройлы басшы атанған Дінмұхамед Қонаевтың даналығынан үйренеріміз көп екенін Ақтөбе қаласы Д.Қонаев атындағы ЖББОМ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі К. М. Кулынтаева “Тау тұлғаның төл туындылары” баяндамасында,  Ақтөбе қаласы №9 МГ мұғалімі В. Г. Пугач “Составление правил жизни в классе на основе цитат Д. А. Конаева” баяндамасында атап көрсетті.

         Секция жұмысының нәтижесінде мынадай ұсыныстар берілді:

  1. Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі оқулықтарына Д. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы мәтіндер енгізу;
  2. Мектептерде «Қонаевтану» арнайы курстарын енгізу;
  3. Облыс мектептері арасында «Қонаев оқулары» конкурсын өткізу дәстүрін енгізу;
  4. Д.Қонаевтың ел басқару тұсында Ақтөбе облысында құрылған Ембі, Хромтау, Қандыағаш, Алға, Жем қалалары мектептерімен ынтымақтастық алаңын ұйымдастыру;
  5. Еліміздің барлық мектептерінде қаңтар айының екінші аптасында Д. Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған тәрбие сағаттарын өткізу.

V. «ЖАС ҚОНАЕВТАНУШЫЛАР»  секциясы

 «Жас қонаевтанушылар» секциясына  Ақтөбе қаласы Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназия,  №2 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназия, №5 және №8 орта мектептерінен, Ақтөбе облысы Мұғалжар орта мектебінен – барлығы 14 баяндама ұсынылды. Д.Қонаевтың қазақ ғылымын дамытудағы еңбектері, басқарушылық қызметі, тарихи тұлға ретінде зерттелуі, нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні оқушы көзқарасымен  танып-білудегі ой-пікірлері, баяндамалары негізінде  қорытынды, ұсыныстар талқыланып, түрлі сұрақтар қойылып, тың ойлар айтылды. Зейнеш Б., Бегей Ж., Жолдыбай Т., Новикова А., Тұрлан Д. баяндамаларындағы Д.Қонаев туралы терең зерттеулерді ерекше атап кетуге болады.

Секция отырысы негізінде  төмендегідей  қорытындылар ұсынылады:

  1. Мектеп оқушылары арасында жүйелі негізде Д.Қонаев атындағы  спорттық жарыстар ұйымдастыру;
  2. Д.Қонаевтың есімін насихаттау мақсатында оқушыларға арналған видеофильмдер әзірлеу және әлеуметтік желілер арқылы тарату.
  3. Дінмұхамед Ахметұлының нақыл сөздерін ойға түю, ғылыми еңбектерін  білу мақсатында «Қонаев оқуларын»  жоғары класс оқушылары үшін өткізу.