"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Жол қозғалысы ережелерін білу – қауіпсіздіктің негізі

Мектебімізге Ақтөбе қаласы Патрульдік полиция бөлімі полиция қызмет инспекторлары Н.Қ.Мұқыш, А.Ғ.Сарсеналы келіп 5-класс оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары барысында мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Мұқамбетәзиев те оқушыларға жолда жүру ережесіне байланысты өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігі туралы ақпараттар айта кетті. Оқушылар жолда жүру ережесімен танысып, полиция қызметкерлерінің кеңестерін тыңдады.