"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

27.02 КҮНІ МЕКТЕБІМІЗДЕ ЖАС МАМАНДАР ОНКҮНДІГІНІҢ ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС

     27 ақпан күні “Кешегі шәкірт- бүгінгі мұғалім ” атты жас  мамандар онкүндігі аясында дене шынықтыру әдістемелік кафедрасының зерттеуші-педагог ұстаздары  З.Т. Жаркенова, Б.Н.Жанашев, Ж.М.Ишаулов  “Сабақ үрдісінде қалыптастырушы бағалауды қолдану ерекшеліктері” тақырыбында коучинг өткізді. Мақсаты: жас ұстаздардың тәжірибе жинақтауына әдістемелік көмек көрсету, біліктілік дағдыларын жетілдіру. Коучингке мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  Е.Т.Тобылбаев, М.Н. Ербозымова қатысты.

    Қалыптастырушы бағалау  білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты  жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады.
     Коучингті басында З.Т.Жаркенова  қатысушы жас мамандар арасында  жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында “От, ауа, су” атты тренингімен бастап, қалыптастырушы бағалаудың негізгі мақсаты, принциптері, бағалау түрлері  туралы толық мәлімет  берді. Б.Н.Жанашов  АКТ-да  lichess.org серверін қолдану арқылы шахмат сабағында оқушы жетістігін бағалау, қозғалмалы ойындарда топтық  бағалау түрінен әдіс-тәсілдер, Ж.М.Ишаулов жас мамандардың қатысуымен жұптық тапсырмалар кезіндегі қалыптастырушы бағалауды қолдану әдістерін көрсетті. Коучинг соңында жас мамандардың өз  жетістіктерін бағалау мақсатында З.Т. Жаркенова   өзін-өзі  бағалау әдісін жүргізді және  қатысушылардан answercarden жаңа сервері  арқылы кері байланыс  алды.
    Теория мен практика ұштасқан коучингте жас мамандардың әдістемелік қоржыны  жаңаша әдіс-тәсілдермен толықты.