2.03 күні “Кешегі шәкірт-бүгінгі мұғалім” атты жас мамандар онкүндігінің жоспарына сәйкес ИФМ әдістемелік кафедрасының зерттеуші-педагогтары Д.К.Бахитова, Г.Т.Ескалиева, А.Т.Тлешева “Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс бағыттары” тақырыбында коучинг өткізді.
Мақсаты-жас мамандарға үлгерімі төмен оқушыларды анықтауда көмек беру,жүргізілетін жұмыс жоспарын құруды және практикалық жұмыс түрлерін үйрету.
Коучинг ұйымшылдық пен жауапкершілікті қалыптастыратын тренингтен басталды.
Г.Т.Ескалиева үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс мақсаты,міндеттері,бағыттырын таныстырды және өз тәжірибесімен бөлісті.
Д.Қ.Бахитова оқушылармен жеке ,топтық жұмыс барысында пайдаланатын карточка түрлерін,олардың қолданылу мақсаттарын түсіндірді.Жас мамандармен практикалық жұмыс жүргізіп, “Карточка-консультант”,
“Карточка-тренажер. Рисуем по координатам”, “Карточка-раскраска” тапсырмаларын берді.
А.Т.Тлешева заманауи сандық технологиялар түрлерімен таныстырып, Quizizz платформасында тест жүргізді.
Коучинг барысында жас мамандар теориялық және практикалық жұмыстар жасау арқылы өздерін әдістемелік жағынан шыңдады.