"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

6 наурызда Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Е.Т.Тобылбаев пен М.Н.Ербозымованың бастамасымен бірыңғай

6 наурызда Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Е.Т.Тобылбаев пен М.Н.Ербозымованың бастамасымен бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық- коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша КДИ» ұйымдастыруымен «Сапалы білім беруде мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдау» тақырыбындағы тәжірибелік облыстық семинар-практикумы өткізілді. Семинар практикум барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар, педагогикалық идеялар панорамасы және мұғалім мотивациясы тақырыптарында республикалық байқаудың жеңімпаздары Токсанбаев Нурбол Торебаевич, Жолмағанбет Ақерке Әділханқызы практикалық жұмыстарын ұйымдастырды, кері байланыс алынды.