2023 жылдың қаңтар айынан бастап Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысында «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстары өтті. Аталған 10 күндік республикалық біліктілікті арттыру курсында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Жаркенова З.Т, Айткулов К.Б келесі модульдер бойынша өз білімін жетілдірді. Олар: нормативтік құқықтық, психологиялық-педагогикалық, оқытудың замануи технологиялары, денсаулық жағдайында ауытқулары бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың дене тәрбиесі, ІТ құзіреттілік. Сонымен қатар, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, ұлттық ойындар тақырыбында сабақтар мен практикалық жұмыстарға қатысып, кәсіби біліктілік деңгейін арттырды.