"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

7-Мамыр Отан Қорғаушылары мерекесі және 9-Мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектептің АӘД мұғалімі Мұқаш Баймен 9-10 класс оқушыларын Ақтөбе қаласындағы Әуе Қорғаныс Күштерінің жоғары әскери институтына экскурсияға апарып қайтты.

7-Мамыр Отан Қорғаушылары мерекесі және 9-Мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектептің АӘД мұғалімі Мұқаш Баймен 9-10 класс оқушыларын Ақтөбе қаласындағы Әуе Қорғаныс Күштерінің жоғары әскери институтына экскурсияға апарып қайтты. Шара мақсаты – жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, батырлар ерлігін дәріптеу және ҚР Қарулы Күштер имиджін көтеру, түлектерге әскери мамандыққа бағдар беру болды. Бүгінде ұшқыштар дайындайтын жоғары әскери оқу орны Кеңес Одағының екі мәрте Батыры атағын иеленген жалғыз қазақ, ұшқыш-шабуылдаушы, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов атында екенін мақтанышпен айтып жүретін жас ұрпақ үшін маңызды саяхат болды. Әскери институт қызметкерлері мектеп оқушыларын жаттығу алаңдары, институт мұражайындағы ұшақтармен және оқу кабинеттеріндегі ұшақ бөлшектерімен таныстырып, ұшқыш мамандығының қыр-сыры туралы біраз мәліметтер берді. Әсіресе, болашақта әскери мамандықты таңдайтын түлектер үшін экскурсия керемет әсер берді.  «Ұранды елдің ұрпағы қайсар!»