"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Әрқашан күн сөнбесін!”

1- мамыр ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ мерекесіне арналған мектепшілік тәрбие жоспары аясында 3-4 сыныптар арасында “Әрқашан күн сөнбесін!” атты асфальт үстінде сурет салу шарасы өткізілді. Оқушылар өз суреттерінде халық бірлігі күніне орай өз қиялдарын ұштастыра отырып, еліміздің татулық, бірлігінің беріктігін көрсете білді. Ашық аспан астында сурет салу өте қызықты өтіп, балаларға қайталанбас әсер сыйлады. Шара соңында белсенділікпен қатысқан класс оқушылары Алғыс хатпен марапатталды.