"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Абай әлемі” шығармашылық байқауының жеңімпазы- Мақсотова Іңкәр!

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-қазақ кластары арасында lll “Абай әлемі” шығармашылық байқауының республикалық кезеңі 2023 жылдың 22 ақпанында қашықтық арқылы ұйымдастырылып,нәтижесінде өз жеңімпаздарын анықтады.

  Байқау төмендегідей бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

1. “ Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” атты ақындар мүшайрасы.

2. “ Жүрегімнің түбіне терең бойла” атты эссе бағыты.

Екі бағыт бойынша Ақтөбе облысынан бірнеше  үміткерлеріміз тілек білдіріп, өз бақтарын сынады. Облыстық кезеңнен іріктеліп, шығармашылығымен дараланған үздік қатысушыларымызға республикалық кезеңде тың тақырыптар ұсынылып, бір тақырыпты таңдауға және сол тақырып аясында қалам тербеуге мүмкіндік берілді. Тақырып анықталып, тапсырманы орындау жүйесі түсіндірілген соң, ақындық бағыттағы оқушыларымызға 1 сағат, эссе жазу бағытындағы шығармашылық топқа 2 сағат белгіленді. Жұмыстардың  көшірмесі белгіленген уақыт шегінде тапсырылды.

“Жүйрікте де жүйрік бар,қазанат жөні бір басқа” демекші, Ақтөбе облысының намысын қорғаған шығармашыл оқушыларымыз         ерекше қабілет,асқан таланттылықтарының нәтижесінде жеңіс тұғырынан көріне білді. Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің  10 «Б» класс оқушысы Мақсотова Іңкәр ақындық бағыт бойынша өз шығармашылығын ұсынып, өлеңге қойылатын талаптарды терең меңгергенін байқатты.  Жетекшісі Романова Мейрамкуль Картаевна. Абай атамыз айтқандай, ”Іші алтын,сырты күміс” сөз жақсысын теп- тегіс,жұмыр етіп сомдай білді. Берілген тақырып аясында еркін қанат сермеп,қиялымен қалықтай алды,балалық арманын өз жүрек түкпірінде тербей алды.

Республикалық кезеңде 1-орынды иеленіп отырған жас ақынға қанатың талмасын, талабыңа нұр жауып, тегеурінді тұғырың тұрақты, мықты болсын дейміз.