"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ӘУЕДЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҚЫЗЫ – ХИУАЗ ДОСПАНОВА

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында мектеп кітапханасында «Әуедегі қазақтың батыр қызы – Хиуаз Доспанова» арналған библиографиялық шолу жасалды.

Бұнда қазақтың қанатты қызы – Х.Доспанова, сұрапыл соғыс жылдары ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған қаракөз қазақ қыздарының батылдығына, батырлығына бас ие отырып, батырлардың ерлікке толы өмірі үлгісінде тәрбиелеу.

8 «А» сынып оқушыларына Хиуаз апамыздың өмір баянымен таныстырылып, жеңіс күніне қалай қол жеткізуге өз үлесін көк аспанда ұшып жүріп жеткізгені туралы ақпараттар мен видеориоликтер көру арқылы танысты. Оқушыларға ең қызық болғаны батыр қызымыздың өзі де таң қалатын сөздері: «Таң қаламын …. ұшақтан 14 рет құлағаннан тірі қалдым» дегені. Халық арасында батыр қызымызды «Қанатты қыз» деп те атап кеткен. Библиографиялық шара соңында оқушыларда өз ақпараттарымен толықтырып ой бөлісті.