"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

 Халықаралық белбеу күресінің жүлдегері

   2023  жылдың мамыр айында  Д.Қонаев атындағы  жалпы білім беретін орта мектептің  дене шынықтыру пәні мұғалімі Баймұханов Ақәділ Асыланұлы Марат  Оспановты  еске алуға арналған Белбеу күресінен Халықаралық турнирде  82 келі  салмақ дәрежесінде жүлделі 2 орынды жеңіп алды.
Ақәділ Асыланұлының белбеу күресінен төмендегідей нәтижелері бар:
✅ 2020 жылы Белбеу күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатында 75 келі салмақ дәрежесі жүлделі ІІ  орын. Талдықорған қаласы.
✅ 2022 жылы Азия чемпионатының қатысушысы Қырғызстан республикасы. Ош қаласы.
✅ 2022 жылы Белбеу күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионатында 82 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІ орын. Астана қаласы.
✅ 2022 жылы Белбеу күресінен ересектер арасында Кубок Қазақстан чемпионатында 82 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын. Түркістан облысы.
✅ 2022 жылы Әлем чемпионатының қатысушысы Өзбекстан елі Наманган қаласы.