«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносыныңфестивалі дәстүрлі түрде Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізіледі.
Мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
1) балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қаблеттерін дамыту үшін жағдай жасау;
2) өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтау;
3) кино және телевидение салаларында дарынды балалар мен жастарды іздеу және қолдау;
4) шығармашылық тұлғаның өз ойын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде фильмдер, жарнамалар, репортаждар жасау процесін ынталандыру;
5) өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау;
6) балалар мен жасөспірімдер жұмыстарының мәліметтер банкін құру;
7) балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін өзі танытуға ықпал ету;
8) іс-шаралар қатыстыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыру.
Фестивальға кез-келген жанрдағы жұмыстар және шығармашылық шешімдер: дәстүрлі немесе сандық технологиялардың көмегімен – видеокамера, фотокамера және ұялы телефонмен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер қабылданады.
Фестиваль байқаулары келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма;
2) ойынды кино – операторлық және режисерлік, және актерлер өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;
3) STOP-MOTION – STOP-MOTION технологиясымен құрылған видео,сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик. Кадрда аз қадам жасай жылжи отырып, үздіксіз қозғалыстағы адамдар мен заттардың қозғалыс иллюзиясын жасайды;
4) әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик – қоғамдағы мәселелерге көрермендердің назарын аударуға арналған қысқа жарнамалық хабарлама;
5) анимация – компьютерлік немесе заттық техникада орындалған, қозғалмалы иллюзияны құрайтын кез-келген мультипликациялық шығарма;
6) видео-арт – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеоролигі;
7) музыкалық клип;
8) киножурнал – елдің өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқа ақпараты бар кинохроника түрі;
9) «Ералаш» – әзіл-сықақ бейнеролигі.
«Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ атынан «Деректі кино» бағыты бойынша «Қонаев ТВ» телестудиясы жанындағы «Ақ пен қара» жастар театры мүшелері және 7 «Қ» класс оқушысы Орынтайұлы Нұрталап қатысып қала, облыс көлемінде іріктеуден өтіп І орын иеленіп республикаға жолдама алды. Жетекшісі-тарих пәні мұғалімі Тобылбаев Еркин Темиржанович.
Жеңістеріңізбен құттықтаймыз сіздерді!